18.02.2020, 18:09
Оқылды: 126

«Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясы – Теректі жерінде

Теректі ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының эстафетасын Бәйтерек ауданынан салтанатты түрде қабылдады.

7

Аудан әкімі Әділ Жоламанов бастаған лауазымды тұлғалар Бәйтерек ауданы делегациясын қарсылап алды.

Салтанатты шара Достық үйі алаңындағы Азат етуші жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Одан соң Достық үйінде аудандағы этно-мәдени орталықтар жұмысымен танысқан делегация құрамы шара бағдарламасына сәйкес, бес диалогтық алаңға бөлініп, өз жұмысын бастады.

«Татуласу орталығында» "Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері" тақырыбында белсенді қоғамдық медиаторлармен өткізілген диалогтық алаңға БҚО ҚХА «Татуласу» орталығының басшысы Алуа Рахишева, медиаторлар, құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысты. Сотта, сотқа дейінгі дауларды бейбіт жолмен шешу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын талқылаған бұл алаңда медиаторлар өз жұмыстары жайлы айтып қана қоймай, тәжірибе де алмасты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының  үлесі және бүгінгі қол жеткізген нәтижелері» дөңгелек үстел отырысы Бәйтерек және Теректі аудандарының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, белсенді мүшелерінің қатысуымен Достық үйінде өтті.

Аудан орталығындағы қазақ мектебінде жиналған топ "Қазіргі заманғы мемлекет басшысының рөлі мен ерекшеліктері, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі"» тақырыбында сөз қозғады. БҚО ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина қатысқан отырыста қос ауданның аналар кеңесі төрайымдары, қоғамдық бірлестіктер төрағалары, ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан жастары қоғамдағы ана орыны, жас ұрпақты тәрбиелеу жайлы өз ойларын айтты.

«Ата сөз - бата сөз» ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, аға ұрпаққа құрмет көрсетуге тәрбиелеу, отбасы институтын қалыптастырудағы ақсақалдардың рөлі, қоғамдағы мәселелерді шешу жолдарын ортаға салған диалог алаңы «Қазына» коворкинг орталығында бас қосты. «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Мақсот Берген жиын басында ұлттық салт пен дәстүрді насихаттауда жаңашыл бастамаларымен бөлісті.

Елбасының "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында және "Рухани жаңғыру" бағдарламасында қойылған жұмыстар мен мәселелерді талқылауға арналған алаңда БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов өңірдегі ассамблея атқарған жұмыстарды айтты.  Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов, Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаров көпұлтты қос аудандағы ахуалға тоқталды.

Бес алаңда өз ой-пікірлерін ортаға салған халық экспедициясы мүшелері аудандық мәдениет үйінде бәйтеректік өнерпаздардың концертін тамашалады.

Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров  Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановқа «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 25 жыл» кітабын салтанатты түрде табыс етіп, екі ауданның басшылары өзара естелік сыйлық алмасты.

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале