13.01.2020, 11:30
Оқылды: 232

«Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының эстафетасы Жаңақала ауданына берілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының эстафетасын табыс ету үшін Ақжайық ауданының делегациясы Жаңақала ауданына келді.

janaqala (1)

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев бастаған делагациясы алдымен «Достық» алаңында орналасқан Алыптар аллеясындағы өнер қайраткерлерінің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Одан әрі эстафетаға қатысушылар түрлі тақырып бойынша бес диалогтық алаңға бөлініп, еркін пікір алмасты.

Бірінші алаңға жиналғандар Жаңақала мектеп-гимназиясында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбында ойларымен бөлісті.

janaqala (2)

Екінші алаң рухани орталық ғимаратында «Ата сөз – бата сөз» тақырыбында өрбіді. Қос ауданның ақсақалдары ұрпақ тәрбиесі мен елдікті, тыныштықты сақтау жөнінде әңгіме-дүкен құрды. Ардагерлер кеңесінің мүшелері өнегелі әңгіме айтып, тарихтан сыр шертті.

Ал үшінші алаңда ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі БҚО ҚХА аналар кеңесінің атқарған жұмыстары жөнінде ой-пікірлер айтылды.

janaqala (4)

 Төртінші диалогтік алаңға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Қапақов, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Габдушев, аудандағы сала басшылары және Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин бастаған аудан әкімдігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, аудан жастары қатысты. Олар Ассамблея жұмысының қарқын алуына Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қосқан үлесі және жергілікті этномәдени бірлестіктер қызметінің нәтижелерін кеңінен талқылады.

Соңғы бесінші диалогтік алаң «Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері» тақырыбында өтіп, кәсіби емес медиаторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері медиация тәртібі мен билер кеңесі жұмысының артықшылығын әңгімеледі.

 Эстафета бағдарламасы түстен кейін аудандық мәдени-демалыс орталығында жалғасты. Мұнда «Елбасы жолымен» фото көрмесі, бұдан бөлек сурет, қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Арайлы өлке Ақжайық ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті.

janaqala

Мәдени шараның соңында Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшинге эстафета кезегін табыстады.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале