29.11.2019, 22:01
Оқылды: 59

Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт өтті

Ақжайықауданының орталығы Чапаев ауылында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік жиын өтті.

AQJAIYQ (1)

 Салтанатта аудан басшысы Қалияр Айтмұхамбетов аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап,  Елбасының еліміздің өркендеуіндегі өлшеусіз үлесіне тоқталды. «Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз еңселі мемлекетке айналды. Елбасы халықты еселі істерге, биік белестерге жұмылдырды, Отанымыздағы тыныштық пен бейбіт күнге өзге елдер тамсана қарайды. Қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, өзгелермен тең терезелі ел ретінде мойындатты. Сол себепті де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кең байтақ Қазакстанның негізін қалаған дипломат-саясаткер, жасампаз бастамалардың авторы ретінде таниды», – деді аудан әкімі.

AQJAIYQ (4)

Мерекелік салтанатта түрлі салаларда толайым табысқа қол жеткізіп, аудан мерейін асырған  бірқатар азаматтар Құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталды.

miniatura chapay

«Елбасы –  ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен салтанатты шарада мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер әсерлі кеш сыйлады.

AQJAIYQ (5)

Әлия Серік

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале