7.04.2022, 17:00
Оқылды: 50

Тұрғын үй құжаттарын реттеу бойынша көмек

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен Жақсыбай ауылдық округіндегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үй иелерінің құжаттарын рәсімдеу, оларды дұрыстау және біріздендіру бойынша көмек көрсету хақында отырыс өтті.

1

Жиынға халыққа қызмет көрсету орталығының, жер кадастрының, жылжымайтын мүлік жөніндегі, жер қатынастары бөлімінің мамандары және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты. Отырыс барысында 8 сәуір күні тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу үшін мобильді топ және жеке нотариус Алмагүл Исабекова Жақсыбай ауылдық округіне барып, жұмыстанатындығы келісілді. Айта кетейік, бұл жұмыстар облыс әкімі Ғали Есқалиевтің аталған ауылға сапары кезінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале