29.01.2021, 9:39
Оқылды: 81

Тұрғындар үніне құлақ түрді

Жаңақала ауданы әкімі және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға арналған жоспарларына қатысты есеп беру жиыны Қызылоба ауылдық округінде өтті.

356D077B-44E7-4E86-A2E5-10733BDBAA0C

Есепті кездесуге аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, ауыл әкімінің орынбасарлары және мекеме басшылары қатысты.

Жиынды Қызылоба ауылдық окргінің әкімі Аманжол Жұмағазиев ашып, күн тәртібін бекіткеннен кейін Қызылоба ауылдық окургінде атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

1870 адамға құтты мекен болған Қызылоба ауылдық окургінің жер көлемі 130 мың шаршы шақырым. Округ құрамында 3 елдімекен, және 34 қыстақта шаруа кожалықтары орналасқан. Қазіргі таңда 393 aулада 376 отбасы мекендейді. Басқа ауылдардан көшіп келгендер жоқ. Көшіп кеткендер 3 отбасы, 5 адам. 2020 жылы 32 адам дүниеге келсе, 14 адам өмірден өткен.

Ал құрылыс және халыққа қызмет көрсету нысандарына тоқталсақ. Жалпы, ауылдық округ бойынша 1 мектеп, 1 мәдениет үйі, 4 кітапхана, 1 aуылдық амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 2 бастауыш мектеп, 3 шағын орталық, 1 жатақхана және әлеуметтік халыққа қызмет көрсету нысандары қызмет жасайды. «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде ХҚКО орталығында көрсетілетін кейбір қызметтер көрсетіліп, халыққа аудан орталығына бармай-ақ қажетті құжаттарын ауылдан алуға болады.

Округ бойынша санақ қорытындысымен 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі қара 1672-ге көбейіп, қой-ешкі 3404-ке азайған. Жылқы саны 179-ға көбейсе, 13 түйе мен 926 құс  өзгеріссіз. Ауыл әкімінің айтуынша, мұнда ауыл шаруашылығы жақсы дамып, шаруа қожалықтары мен жеке ауыл тұрғындары бұл саланы өте жақсы меңгерген. Ауылдық округ әкімі Аманжол Бауыржанұлы:

- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасымен терек түптерін сатып алуға 150 мың теңге қаражат бөлініп қара ағаш, үйеңкі, жиде көшеттері сатып алынып, отырғызылды. «Жасыл ел» жастар бағдарламасы арқылы «Ер eсімі ел есінде» ескерткіші жаңартылды. Бұл бағдарлама арқылы ауылымыздың жастары маусымдық жұмысқа тартылды. Ауыл көшелері заманауи тақырыпта көрнекі баннерлермен безендіріліп отырады. Көше жолдарын тегiстеуге 500 мың теңге бөлініп, көше жолдары қырғызылды. Биыл Қызылоба ауылдық округі бойынша Талсай қыстағына «Үміт» шаруа қожалығы 12 млн. теңге өз қаржысына табиғи газ тартты. Және Бәйтерек (Телемунара) көшесін аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы табиғи газбен қамтамасыз eтілді. Барлық ірі елдімекендер табиғи газ жүйесіне қосылды. Биыл  «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз суының тартылуы ауыл халқы үшін ең үлкен қуаныш болды. Осы орайда «Жол картасы – 2020» бағдарламасымен 69 адам кезекпен yақытша жұмысқа тартылды. Айтпай елді мекенінің тұрғындары ұйымдасып, елді мекен бейітін қоршады,- деп ауыл әкімі одан әрі алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды.

Ауылдық округ әкімінің баяндамасынан соң аудан әкімі Н.Қадырбайұлы мінберге келіп, баяндамасын бастады. Аудан әкімі ауданның және округтің әл-ауқаты мен атқарылған жұмыстр жөнінде сөз қозғады. Қызылоба ауылдық округінде биыл сметалық құжаттары жасақталса медицина орталығы салынатынын тілге тиек етті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, аудан бойынша 4 ауылдық округке медицина ғимараты салынатынын жеткізді. Сондай-ақ Қызылоба ауылында 66 шаруа қожалығы тұратын болса, мұнда 24 адам ғана тіркелгенін және осы 66 шаруа қожалығының 17-сінің басшысы да тіркелмегендігін ескертіп, заң шеңберінде жұмыс жасауға шақырды. «Жұмыссыз болып тіркелсе, атаулы әлеуметтік көмек алса, біз міндетті түрде ол адамды жұмысқа тартамыз. Оны іздейміз. Атаулы әлеуметтік көмек алатын адам қожалық арқылы емес, әкім арқылы жұмыс жасау қажет. Немесе қожалыққа заңды түрде баруы қажет» деді аудан басшысы.

Жиын әрі қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Тұрғындар ішінен зейнеткер Райса Бигалиева шөп мәселесі қиындық туғызатындығын, өзінің сауықтыру орталығына барғысы келетінін айтып, көмектесуін сұраса, Табылды Масатов ауылда жарықтың жиі өшетіндігін, тірек сымдарын (столба) ауыстыру қажеттігін айтып, ауылға ортақ мәселе көтерді. Ал аудан әкімі мен кәсіпкерлерге алғысын білдірген мектеп директоры Теміржан Серіков спортшыларға жаттығатын зал керек екенін, мал ұрлығының көптігін айтып, тәртіп орнатуын талап етсе, Алмас Абуов вакцина салу жөнінде сауалын қойып, өрісте жүрген малдарды ұрлағандарға шара қолдану керектігін сөз етті. Осы орайда аудандық полиция бөлімінің басшысы Бижан Төремұратов ауылдық учаскелік инспектор Нұрғиса Дүйсеғалиевке ұрлықты тыю және болдырмау туралы шара қолдану қажеттігін ескертті.

Жиналысты аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылап, жергілікті тұрғындардың айтқан ұсыныс-пікірлерінің ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале