24.12.2022, 12:45
Оқылды: 46

Тұрғындар үшін тиімді іс-шара

Бүгін Қаратөбе ауданында «Ашық әкімдік» іс – шарасы өтті. Айтулы іс-шарада аудан әкімі, аудандағы мекемелер мен бөлімдер басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді.

IMG_1024

Аудан әкімінің қабылдауында ауданның Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Темір ауылының және Сулыкөл округіне қарасты Үшана ауылының тұрғыны болды.

IMG_1036

Темір ауылының тұрғыны: «Шөптікөл ауылынан аудан орталығы Қаратөбе ауылына қатынайтын аутобус Темір ауылындағы Айтқожин, Тоққожин көшелерінің бойымен өтсе», деген ойын айтса, Үшана ауылынан келген ауыл тұрғыны, үйінің құлағалы тұрғанын айтып баспана сұрады. Сонымен қатар отағасының, ұлдарының жұмыссыз отырғанын айтып, жұмысқа орналастыруға ықпал етуін өтінді.

IMG_1028

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы тиісті жауаптарын айтып, заң шеңберінде түсініктер берді.

Ерболат Райсов, 

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале