22.04.2022, 12:00
Оқылды: 57

Тұрғындардың тілегін тыңдады

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес аудан және ауылдық округ әкімдері тоқсан сайын халықпен кемінде 1 кездесу өткізу керек деп көрсетілген. Осыған байланысты, Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарлары Жақсылық Абдолов пен Асхат Молдағалиев, ауылдық округ әкімдері жоспарға сай елді мекендерге барып халықпен жүздесті.

9

Аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері кездесуде елді мекендерде әр салалық бағыт бойынша жұмыстарды баяндап, әрбір сауалға жеке-жеке жауап берді. Мәселен, Еңбекші елді мекенінің тұрғындары тарапынан ауыз су мәселесі, ауырған кезде алғашқы жедел-жәрдем көмегін алу үшін елді мекеннен ФАП ашу туралы өтініштерін ортаға салды. Жиында халыққа екі мәселенің де алдағы уақытта шешілетіні хабардар етілді. Тұрғындардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан шөп шабу мен мал жаю телімдері төңірегінде де сұрақтар көптеп қойылды.

8

Осындай кездесулердің халық қажеттілігін тиімді шешуде маңызды екенін атап өткен аудан әкімдерінің орынбасарлары өтініштер мен сауалдар бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Қ. Ғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале