16.09.2021, 9:42
Оқылды: 37

Тұрғындармен кездесті

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев Аралтөбе ауылдық округі Қызылағаш елді мекенінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

IMG-20210915-WA0095
Кездесуге ауыл активі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл тұрғындары, "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.
Жиында кандидаттар Әділхан Мұхитов, Самат Убанов, Айнұр Кубиева өздерінің сайлауалды бағдарламаларына тоқталып, өзекті меселелерді қаузаса, үміткерлердің сенімді өкілдері де өзіндік қолдау білдірді.

9
- Аудандық сайлау комиссиясының биылғы жылғы 20 тамыздағы №18 шешіміне сәйкес Аралтөбе ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты әкімнің сайлауы ағымдағы жылдың 19 қыркүйегіне белгіленді, - дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ө.Уашев.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале