2.12.2022, 12:00
Оқылды: 39

Турнир өз мәресіне жетті

Жуырда Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің жиырма жылдық мерейтойы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жайсанбек Бекқалиев мен Мақсот Айғалиевті еске алуға арналған мектеп мұғалімдері арасындағы волейболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

Еске алу турнирі фото

Осы мектептің қабырғасында еңбек етіп, көптеген оқушылардың сүйікті ұстаздарына айналған Мақсот Сүндетқалиұлы мен Жайсанбек Ибатұлы сынды  ұстаздардың мектеп үшін орны ерекше. Турнирдің ашылу салтанаты өтіп, Тасқала аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Кадырбаевна, ардагер ұстазымыз Бақтығұл Жұмажанұлы және мектеп директоры Аққаным Талапқызы сөз сөйледі. Турнирге жан-жақтан жиналған 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Еске алу фото 2

Нәтижесінде Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ турнир жеңімпазы атанса, II орын Тасқала колледжі командасы бұйырды. ІІІ орындаТеректі ауданы Шаған ЖОББМ командасы иеленді.

Болат Бек,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале