1.03.2017, 10:57
Оқылды: 18

Турнир жеңімпаздарын қабылдады

 

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов волейболдан аудандық құраманы қабылдады. Айта кетейік, жергілікті спортшылар Сырым ауданында өткен  аудандық  ашық турнирінде жеңімпаз атанған болатын.


Жеңімпаздарды арнайы қабылдаған бөлім басшысы Мербол Мағзомұлы аудан құрамасын жеңістерімен құттықтап, спорттық бәсекелерде толайым жетестіктерге жетуге тілекші екендігін білдіріп, алғысын жеткізді.

Кездесу барысында аудан құрамасы жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта волейбол клубын құру жөнінде ұсыныстарын айтып, өз ойларын ортаға салды.

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале