22.09.2022, 15:45
Оқылды: 44

Түсінік жұмыстарын жүргізді

Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапарымен келген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Искакова бастап, аталмыш басқарманың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Самал Темірова мен мүгедектер істері жөніндегі бөлімінің бас маманы Елена Затынайченко қостаған жұмыс тобы әлеуметтік саладағы түйткілді мәселелер мен енгізілген соңғы өзгерістер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

IMG-20220922-WA0070

Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев төрағалық еткен бұл жиынға ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.

IMG-20220922-WA0061
Алдымен сөз алған Ділдәш Салауатқызы мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар турасында түсінік беріп өтті.
- Отбасылық цифрлық карта бұрын қолданыста болған әлеуметтік картаның баламасы сияқты. Отбасы туралы толыққанды мәлімет тіркеледі. Бұған дейін АӘК алуға ниеттілер құжат жинап, өздері әкеп тапсырса, енді жәрдемақы тағайындау проактивті түрде жүзеге асатын болады. Ол үшін округ әкімдігі бар, тиісті сала мамандары бар, жеке тектік мәлімет енгізуде ыждағаттылық танытуымыз қажет. Тағы бір айта кететін жайт, тарифтер дифференциялаудың салдарын да естен шығармауымыз керек. Әр азамат мемлекеттік жәрдемақылар, үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы білуге тиісті. Мысалы, қарапайым ғана тұрғын үй көмегі туралы айтсақ та жеткілікті. Бұл туралы екінің бірі біледі деп айта алмаймын. Ол үшін халыққа қажетті ақпараты жеткізіп, хабардар етіп отыруымыз керек, - деді өз сөзінде Ділдәш Искакова.

IMG-20220922-WA0062
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Самал Темірова әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысына тоқталып өтті.
Басқосуда округ әкімдері қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жәрдемақыға қатысты мәселелерді алға тартып, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.

IMG-20220922-WA0069

Ұлпан Жакина,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале