2.02.2024, 11:15
Оқылды: 59

Тұяқов жүлдесіне арналған турнир өтті

Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы спорт кешенінде елге әйгілі бірнеше жас палуанды тәрбиелеуге атсалысқан, өңірімізге танымал ардагер спортшы Нұрлыбек Тұяқов 50 жасқа толуына орай самбо күресінен 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнир өтті.

86aae89a-5f59-4a2e-9f84-0f85ce6e99af

Аталмыш додаға Маңғыстау, Орал қаласынан Жекпе-жек, Спорт клуб Орал,  Ақжайық, Тасқала, Теректі, Жәнібек аудандары мен Казталов ауданынан Бостандық, Қараөзен, Жалпақтал ауылдарының жас палуандары қатысты.

Тікелей өзі тәрбиелеп, бүгінгі таңда ел-жұртына жақсы танылып жүрген байыпты бапкердің шәкірттері мұрындық болып ұйымдастырған Нұрлыбек Жәрдемұлының мерейтойлы турнирінің ашылу салтанатында Жалпақтал ауылының әкімі Ғаділбек Әлібеков, туған ағасы Сырымбек Тұяқов, алғашқы бапкері Самиғолла Ақмурзин, сансыз шәкірттері атынан Манарбек Кенжеғалиев сөз алып, мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты.

Білікті бапкер жүлдесіне арналған турнир аса тартысты өтіп, бірнеше палуан жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған жас палуандар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль, арнайы кубок және қаржылай марапатқа ие болды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале