27.10.2021, 17:00
Оқылды: 47

Тұжырымдама таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет екенін баса айтқан-ды. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек екенін де Президент өз сөзінде атап өтті. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының» жобасын ұсынып, ол түрлі алаңдарда таныстырылуда.

IMG_20211027_164339_072
Бәйтерек ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Тілекбай Төлепқалиевтің төрағалығымен жиын өтіп, оған жиналған қоғам белсенділері мен жастар және түрлі мекеме-ұйым басшылары аталған тұжырымдама жобасын талқылады.

Жиын басында Тілекбай Төлепқалиев заңнамалық өзгерістер мен жемқорлықпен күрестегі жаңа тәсілдерге, концепцияның құрылымы мен негізгі бағыттарына тоқталды. Бірнеше бағыттан тұратын тұжырымдамада парасатты мінез-құлыққа ынталандыру, жемқорлық мүмкіндіктерін жою, жауапкершілік сөзсіздігі, жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, жемқорлыққа қарсы саясат тиімділігінің мониторингі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша уәкілетті орган бөліктерінен тұратындығы қатысушылар назарына ұсынылды.
Басқосуда әр тармаққа кеңінен түсіндірме беріліп, күтілетін нәтижелер талқыланды. Қатысушылар жасаған ұсыныстар жұмыс тобына жолданатын болды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале