31.08.2021, 17:32
Оқылды: 65

Тың бағдарлама алғашқы жемістерін беруде

Еңбек – кәрі-жасты талғамайды. Мемлекет тарапынан да еңбекқор азаматтарға қолдау артып отыр. Оған мемлекеттік бағдарламалар куә. Олардың қатарынан облыста бастау алған «Менің аулам – менің бағым» бағдарламасын да ерекше атап өтуімізге болады. Туған жерімізді абаттандыру, жергілікті аймақта жеміс-жидектер өнімділігін арттыру мақсатында қолға алынған жобаны жаңажолдық ағайын да қолдауда.

IMG_0660

Көп балалы ана Әсем Қуанышқалиева Жаңажол ауылының тұрғыны. Ол биыл5ыжылдың мамыр айында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мемлекеттік грантқа ие болған еді.

-Мемлекеттік грант арқылы алты алма, екі өрік, екі қара өрік және таңқурай талдарын, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Жеміс ағаштарын «Мой сад» орталығынан сатып алып, ағашты отырғызу, күтіп баптау бойынша кеңес алдық. Бір жылға созылған кеңес беру барысында тәлімгерлеріміз барлық қажеттіліктер мен заңдылықтарды айтып отырды. Осы арқылы біз өз жеміс ағаштарымызды күтіп, баптадық. Бау-бақша өсірудің өзіндік қиыншылықтары бар, әрине. Бұған қоса бір сауынды сиыр алып бағудамыз, - деген Әсем Әсем Амангелдіқызы тал егу және баптау техникасын да түсіндірді.

IMG_0659

Бүгін де жолдасымен бірге алты баланы тәрбиелеп отырған отбасының бағында алма, алмұрт теректері жайқалып өсіп, өнімін беруде. Бағбан болашақта өнімдерін арттырып сатылымға шығармақ ниетте.

IMG_0663

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале