2.02.2024, 17:45
Оқылды: 78

Уақыт оларды таңдады

Казталов ауданы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде «Уақыт бізді таңдады» атты Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай колледж студенттерінің интернационалист жауынгерлер сапында азаматтық борышын өтеген жалпақталдық ардагерлермен кездесу кеші өтті.

20240201_110323

Кездесудің негізгі мақсаты Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толған айтулы күнді атап өтіп, ардагерлермен кездесу арқылы студенттердің елге деген патриоттық сезімін ояту.

Айтулы кешке Ауған соғысына қатысып, өздерінің интернационалдық борышын өтеп келген жалпақталдық ардагерлер Төреғалиев Файзолла, Сәрсенғалиев Халиолла, Вологин Иван ағалар қатысып, студенттер алдында бастан кешкен оқиғалары жөнінде түрлі мәліметін баян етсе, колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Дәурен Мақсотұлы, Казталов ауданы қорғаныс істері жөніндегі жасақтау топ бастығы Әділжан Жәдігерұлы ардагерлерді құттықтап алғысхаттар табыс етсе, Жалпақтал колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айболат Ерешұлы Ауған соғысы мен сол соғыстағы деректерге кеңінен тоқталып баяндама жасады.

- 1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталған Ауған соғысы  9 жыл  10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз. Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. 1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы сарбаздар интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанған едік. Содан бері 35 жыл өтті. Қазіргі таңда Қазталов ауданы бойынша он ардагер бармыз, - деді кездесуде сөз алған Ауған соғысының ардагері Файзолла Төреғалиев.

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған кездесу кеші жоғары деңгейде жүзеге асты.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале