6.11.2019, 18:36
Оқылды: 134

Үйірме жетекшілері тәжірибе алмасты

Қаратөбе ауданында қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Ұлы дала өнері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

qaratobe oner (1)

Ең алдымен педагогтардың бір-бірімен толық танысуы үшін психологиялық тренингпен өрбіген семинар-практикумда сөз кезегін алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев:

– Егемендік алғаннан бері білім беру жүйесінде өзгеріс көп. Қазіргі таңда түрлі бағыттағы үйірмелер ашылуына орай қосымша білім беру педагогтеріне сұраныс артты. Оқушыларды жетілдіру, қабілетін дамытуда үйірмелердің тигізер пайдасы мол. Үйірмеге қатыса отырып оқушылар өз-өзін дамытып, қолөнер бұйымдарын жасап, сөз саптау мәнеріне төселіп, қарым-қабілетін жетілдіреді. Осы орайда үйірме жетекшілерінің еңбегі зор, - дей келе ұстаздарға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.

qaratobe oner (2)

Шарада Елбасының «Болашыққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында көрме ұйымдастырылып, оған қойылған 50-ге жуық қолөнер бұйымын жас маман Айбол Жарасұлы таныстырды. Семинар барысында әр үйірменің оқушысы жасаған жұмыстарын ұсынды. «С++ бағдарламалау тілі» және «Робототехника негіздері» үйірмелерінің жетекшілері «3Д принтермен жұмыс», «Сәнгер» үйірмесінің жетекшісі оқушыларымен «Ерлер жейдесінен сәнді блузка тігу» сынды шеберлік сағатын көрсетті.

qaratobe oner (3)

Жиын соңында педагогтар ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале