4.10.2021, 12:22
Оқылды: 78

Үйренуден һәм үйретуден жалықпайық, жас маман!

Биыл мен Теректі ауданы Социализм ауылындағы негізгі орта білім беретін мектебінде ұстаздық қызметімді бастадым. Аталмыш білім ордасында бастауыш сынып мұғалімі және тәлімгер болып жұмыс атқарудамын.

DD3EBBDE-EB10-4B8B-B446-D96A90D878A4

Қолына дипломын енді ғана алған әр жас маманның жаңа ортаға келгенде тұла бойында қуаныш пен қорқыныш болатыны табиғи нәрсе. Сол секілді, менің көңілімде  де «әріптестеріммен тіл табыса аламын ба, оқушыларым қалай қабылдайды екен» деген алаңдаушылық болғаны рас. Осындай сезіммен келген менің бойымдағы үрейді мектеп басшысы А.Молдағалиева жеңілдетті. Ол кісінің: «Біздің орта жақсы, тәжірибелі мұғалімдер бар. Көпшілік үлгі тұтар керемет ұстаз болып шығасың» деген сөзі жаныма демеу, көңілге медеу болды. Жұмыс атқаруыма ынталандырды.

Мектеп шағын болғанымен, мұғалімдер өте тәжірибелі және үйретуден әсте жалықпайтын жандар екеніне көзім жетті. Бәрі мені өз қыздарындай қабылдап,  жан-жақтан қолдау білдірген Социализм негізгі орта білім беретін мектебі ұжымына алғыс білдіремін! Мектептің абыройын арттыруға, білімді жас ұрпақ тәрбиелеуге тырысамын.

Осы орайда, ұстаздықтың қиын жолына түскен замандастарыма айтарым: үйренуден һәм үйретуден жалықпайық, жас маман!

Тоқжан Мерғалиева,

жас маман,

Социализм ауылы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале