17.01.2024, 11:00
Оқылды: 2

Үкімет әскерге барғандарға қандай мүмкіндіктер ұсынып отыр?

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына қызметке 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақырудың көктемгі мерзімі басталуға таяу.

IMG-20240117-WA0038

Бүгінгі таңда Сырым ауданына ҚР ҰҚК шекара қызметінің өкілі, майор Ғалым Саттаров келіп, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жеке істерді іріктеуде.  Ауыл жігіттерінің арасынан ел шетін қорғайтын ерлерді таңдап алмақ.

Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Мұрат Сарсеевтің айтуынша, әскерге шақырылушыларды іріктеу жұмысы 10 қаңтар мен 20 ақпанға дейін жүреді. Сарбаздарға әскери борышын шекара қызметінде, Қорғаныс Министрлігінде, Төтенше жағдайлар Министрлігінде өтеуге, тіпті Ішкі істер Министрлігінің «Ұлттық Ұлан» әскерінің қатарына сапқа тұруға қақылары бар.
- Былтыр әскери борышын өтеген азаматтарға үкімет тарапынан жұмысқа орналасу, оқуға қабылдану жағынан қолдау болады деген әңгіме көтерілді.
2023 жылдан бастап Срочники.2.0 деген сайт іске қосылды. Бұл жерде жауынгерлердің әскери қызметінің сапасына, яғни әскери бөлімдегі тәртібіне, жеке басының жауынгерлік, физикалық дайындығына баға беріледі. Жоғары ұпайы бар сарбаздардың ҚР жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грант негізінде қабылдануға мүмкіндігі бар. Әскери борышын үздік өтегендерге тегін білім алу үшін үкімет ҚР оқу орындарынан 3000 тегін орын ұсынып отыр. Гранттар жылына екі мәрте, маусым және қараша айларында жарияланады, – дейді Мұрат Сарсеев.
Әскери билеті бар азаматтың тағы бір артықшылығы - кез келген жоғары оқу орынына кешенді тестілеу тапсырмай – ақ, ақылы негізде қабылдануға құқылы. Ал әскери оқу орындарына түсуге тіпті де жол ашық. Егер шақырылушы әскери саладағы қызметін жалғастыруға құлықты болса, борышын өтеу үшін белгіленген бір жылдық мерзімді аяқтамастан, 6 айдан кейін келісімшартқа қол қойып, қызметке ауысуға болады.
Жоғарыда айтылған Шекара қызметіне баруға ниеттілер + 7 705 841 57 91; + 7 777 254 55 15 ұялы телефондарына хабарласып, егжей – тегжейін сұрауға болады. Шекаралық қызмет орыны ретінде Жетісу, Алматы және Атырау облыстарындағы бөлімшелер ұсынылып отыр. Мерзімі – 1 жыл.

Б. Шерім,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале