13.09.2022, 11:30
Оқылды: 55

Ұлағатты ұстаз 80 жаста

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ұлағатты ұстаз, өлкетанушы Аман Жүсіпқалиұлын қабылдап, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

Аман Жүсіпқали 80 жас (5)

 Ауданның жетістігіне сүйсініп, келешегіне сеніммен қарайтын абзал ардагерді 80 жасымен құттықтаған аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы қуаныш иесінің деніне саулық, әулетіне амандық, шаңырағына шаттық пен немере-шөберелерінің қызығына кенеле беруіне тілектестігін білдірді. Қоғам өміріне белсене араласып жүрген ақсақалға аудан әкімдігі мен аудан жұртшылығы атынан алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.

Аман Жүсіпқали 80 жас (3)

Ауданда абыройлы да жемісті еңбек атқарып, зейнеткерлік жасқа шыққан мерейтой иесі Аман Жүсіпқалиұлы аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ауданда атқарылған игілікті істер мен ауданның әлеуметтік жағдайы, қоғам өміріндегі елеулі оқиғалар жөнінде ой бөлісті.

Қабылдауда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мәулен Қожақметов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Құмарұлы арнайы қатысып, мерейтой иесіне шынайы лебіздерін арнады.

 Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале