9.05.2022, 21:44
Оқылды: 75

Ұлағатты ұстазды мерейтойымен құттықтады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов бастаған топ Хан ордасы ауылының тұрғыны, ұлағатты ұстаз Клара Өтепқалиеваның шаңырағына барып, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

953A7CCF-6087-49B4-9A5E-5167F0BE4438

Аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді.

- Сіздің алдыңызды көрген көп шәкіртіңіздің бірімін. Біз сізді өз ісінің шын шебері деп білеміз. Бүгінде жетістікке жетсек, сол жетістіктің іргетасын қалаған сіздей асыл ұстаздарымыз, - деп шәкірттік алғысын білдірді.

303B8828-CE72-4E9C-908E-3CBE4FE6E0B9

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева:

- Сонау 80- жылдардың басында жас маман боп, елге келген біздерге Күләш Құрманғалиева басқарған қазіргі Жәңгір мектебі шеберліктің  біліктіліктің шеберханасы боп еді. Сіздің сабақтарыңызға қатысып, үлгі алдық, үйрендік. Мектептің де, үйдің де тірлігіне тең қарап, өнегелі ұл-қыз тәрбиеледіңіз. Үшеуі де сіздің жолыңызды жалғады. Ұрпақ қызығын көріп, Сатқанбай ағамызбен жұп жазбай, жүзге жетіңіздер, - деп тілегін айтты.

Өз кезегінде үй иелері де ауданнан арнайы келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.    

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале