6.12.2022, 16:46
Оқылды: 33

Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып...

М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінде еңбек және тыл ардагері, Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» Малдыбай Бердіғалиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Өнегелі өмір – әркімге өнеге» атты көрме таныстырылымы өтті. 

9

Таныстырылым «Советтік кооперативтік сауда үздігі», жоғары білімді сауда қызметкері М.Бердіғалиевтің ерен еңбегін, мол қадірін, өмір жолын  жас ұрпақты үлгі ету, жастарды адал еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу  мақсатында үйымдастырылды.

6

–  М.Бердіғалиевтің өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа жарқын үлгі болып тарихта мәңгі қалады. Өскелең ұрпақ оның өнегелі жолын жалғастырады деп сенеміз. Малдыбай аға – еліміздің, Қаратөбенің мақтанышы, еңбек майданындағы ұлағатты еңбек адамы.

Ел басқару ісінде де, білікті шешім айта білген кесек тұлға еді. Қазақта «Орнында бар оңалар» деген игі сөз бар. Ағамыздың орнында отбасы-ошағы, артында ордалы елі қалды. Әлбетте, жақсы сөзді жұбаныш үшін айтамыз. Бүгін бәріміз үшін де орны толмас өкінішке айналып тұрған Малдыбай ағаның есімін де, еңбегін де елі ұмытпайды. Аяулы бейнесі де, айтқан ақыл-өнегесі де мәңгілік жадымызда, - деді тағылымды шарада сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мәулен Қожахметов.

Кезегінде аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, ауыл ақсақалдары және кезінде бірге қызмет атқарған жұмыстастары еңбек ардагерінің өмірімен атқарған қызметі жөнінде ой тербеп жылы лебіздерін арнады.

8

Шарада еңбек ардагерінің балалары Тұрсынхан,  Азамат Бердіғалиевтер әкелерін еске алуға арналған шараға қатысушылар мен  ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, М.Бердіғалиевтің еңбек жолында алған медальдарын өлкетану музейіне тапсырды.

7

Шара соңында М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Дулат Темірболатұлы М.Бердіғалиевке арналған «Өнегелі өмір – әркімге өнеге» атты көрмесін таныстырса, аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем ән шырқады.

 

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале