8.11.2021, 10:30
Оқылды: 107

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп–гимназия–интернаты «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу кешін ұйымдастырды.

18

Мектеп тарихы, аға буын ұстаздардың еңбек жолын таныстыра отырып, бар өмірін қиын да қызықты мамандықты игеруге жұмсаған мұғалімдер туралы мағлұмат беру, оқушыларды ұстазды құрметтеуге, үйрету және ұстаз мамандығының қыр-сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында оздырылған шараға ардагер – ұстаз Гауһар Әбілбасова қатысты.

20

Қызықты кездесу барысында ардагер ұстаз ұзақ жылдар бойы еткен зор еңбегі мен саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны жайынға кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ оқушыларға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Жиын барысында Гайхһар Зікірияқызы оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмір жолы, үздік оқушылары жайында сыр шертті.

19

Кеш соңында Гаухар Зікірияқызы шәкірттерге деген жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

22

Тамаша шара ұйымдастырған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Г.Ситказиева мен А.Сағадат алдағы уақытта да көптеген қызықты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

С. Исмагулова,

Дариян ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале