29.12.2021, 11:50
Оқылды: 54

Ұлт денсаулығы

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы «партиялық бақылау» комиссиясының қоғамдық кеңесі, «Ұлт денсаулығы және білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің онлайн форматтағы отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Жаңақала аудандық ауруханасының 10 айында атқарылған жұмысы туралы «Денсаулық» БПҰ төрағасы С.Серікұлының баяндамасы тыңдалды.

13

Жаңақала аудандық ауруханасы 20546 халық санына қызмет етеді, соның ішінде: ересектері - 16599 барлық халық санының 70 пайызын құрайды, жасөспірімдер саны - 1010 (54,1 пайыз), балалар саны 6413 немесе 27 пайыз, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 488 (3 пайыз)

Жаңақала аудандық ауруханасында барлығы 6 учаскелік дәрігер, 5 дәрігерлік амбулатория (Пятимар ДА – 1009, Мәстексай ДА - 1129, Жаңақазан ДА – 2212, Көпжасар ДА – 1230), 3 фельдшерлік-акушерлік пункт (Қызылоба ФАП – 1081, Кармановка ФАП – 940, Жаңажол ФАП – 1100), 13 медициналық пункт (Плантация МП – 109, Аққұс МП - 63, Борық МП - 181, Мұқыр МП – 429, Жуалыой МП – 680, Айтпай МП – 187, Төртқұлақ МП – 164, Кіші Айдархан МП – 302, Сарыкөл МП – 350, Саралжын МП – 102, Салтанат МП – 103, Үшкемпір МП – 97, Ақбалшық  МП -     59) жұмыс жасайды. Ауруханада 30 дәрігер (1 – ЖТД дәрігер, 1 -  акушер-гинеколог, 1 – невропатолог, 1 – кардиолог маманы қажет), 160 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды.

Туу көрсеткіші 15,3 (367) ден 15,6 (375) болып 2,1 пайызға өскен.

Жалпы өлім көрсеткіші 6,5 (156) дан 7,0 (167) болып 7 пайызға өскен. 2021 жылдың 10 айында 1 жасқа дейінгі бала өлімі – 4 пайыз.

Табиғи өсім көрсеткіші 8,8 (211) ден 8,7 (208) болып 1,4 пайызға төмендеген.

Аудандық аурухананың медициналық техникамен жабдықталуы (89,7 пайыз). 2020 жылы ауруханаға Жылжымалы медициналық кешені автокөлігі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда автокешен шалғай аудандардағы халыққа медициналық көмек көрсету үшін жоспарлы түрде жұмысын атқарып келеді.

Жоспарланған топты скринингтен өткізу жұмысы жоспары 100 пайызға орындалды. Аудандық ауруханада аудан көлемінде бұрын жасамаған оталар жасалып жатыр (өт-тас аурулары оталары, жарық аурулары). Сонымен қатар алдағы атқарылатын жұмыстарды да баяндады.

Р.Саматов,

Жаңақала аудандық «Nur Otan» партиясы

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале