17.11.2021, 14:35
Оқылды: 67

Ұлттық аспапқа құрмет

Домбыра - көненің көзі, бабадан қалғана мирас. Қазақ халқы қашан да қара домбыраны қадір тұтып, төрге іліп қастерлеген. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында «Dombyra time» бастамасы қолға алынды.

IMG-20211117-WA0032

Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық өнеріміз бен құндылықтарымызды бойларына сіңіру, қасиетті қара домбыраны  қастерлеуге тәрбиелеу және оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шара  әр сейсенбі сайын оздырылады.

IMG-20211117-WA0033

«Dombyra time» барысында мектеп оқушылары мен ұстаздар үлкен үзіліс кезінде арнайы орынға жиылып, өздері білетін кез-келген күйді немесе шығарманы ұлттық аспабымызда орындайды. Осылайша домбыраның қоңыр үнін әуелету арқылы мұғалімдер мен оқушылар замандастарын ұлттық аспабымызға деген қызығушылығын оятуда.

Бүгінде «Dombyra time» көпшіліктің сұранысына ие болды. Әр сейсенбі сайын күй тыңдап, ән айтқысы келгендер саны артуда. Домбыра үйреніп, ұлттық өнерге өз үлесімді қоссам дегендер де көптеп қосылуда.

Ата-баба мұрасын жете танып, домбыраның әуеніне елітіп, өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениетімен сусындап өскен ұрпақ- еліміздің болашағын көркейтіп, өркениетті елдер қатарына қосылуына кепіл болатыны сөзсіз. Оған осындай көпшілік шаралардың тигізер үлесі зор екені шүбасыз.

Айшабибі Үмбетьярова

Абай атындағымектеп- гимназия- интернаты

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

 музыка пәнінің мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале