26.03.2021, 21:20
Оқылды: 74

Ұлттық киіміміз дәріптелген күн

Наурыздың 26-сы күні Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақтың ұлттық киімдері» атты байқау ұйымдастырылды.

F39CD180-D61A-4105-9C3B-B7585AAD8BEE

Шараның басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық киімдерін кеңінен насихаттап, рухани құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу. Шараға аудандық мекемелерден, ұйымдардан мамандар қатысты. Мекемелер қатарында бөбекжайлар, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, аудандық мектеп, «Серпін» газеті, мәдениет үйі, аурухана, колледж, туризм сынды мекемелер бар. Байқауға қатысушылардың киген киімінен бөлек, сахнада өзін-өзі ұстауы, таныстыруы және жүріс-тұрыстары бағаланған болатын. Тартысты доданың нәтижесі бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бас маманы Ақманар Айдынғалиева бас жүлдені иеленіп, марапатты қанжығасына байлады. Сұлулық пен нәзіктіктің, қазақилық пен ізеттіліктің үлгісі бола білген аруларымыздың әрқайсысы жеке марапатталып, арнайы жүлделерге ие болды. Ұлттық киімдеріміздің сұлулығына, әшекей-бұйымдарымыздың қасиетіне тағы бір мәрте куә болып, сұлулыққа көз тойған шарада әсем ән де шырқалды. Шараға қатысушылардың барлығы арнайы алғысхатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале