1.12.2023, 17:55
Оқылды: 15

Ұлттық құрама ойыншысы жас спортшыларға куәлік тапсырды

Тасқала ауданындағы С.Жақсығұлов атындағы мектепте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы, «Қызыл Жар» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркін Тапаловпен кездесу өтті.

назгул 4

Аталмыш шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжанұлы, спорт ардагері, самбо күресінен ҚСРО спорт шебері, дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, ҚСРО-ның «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қайыржан Баймағамбетов пен мектеп ұстаздары және оқушылар қатысты.

назгул 3

Шараны мектеп директоры Гүлмира Ұзақбаева ашып, жиналғандарға қош келдіңіздер айтқан соң осы мектептің түлегі, ауданымыздың мақтанышы Еркін Тапаловтың жеткен жетістігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Еркін Тапалов 1993 жылы 3 қыркүйекте Тасқала ауылында дүниеге келіп, аталмыш орта мектепте білім алады.

назгуль 5

Содан соң Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін, кейін Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын тәмамдайды. БҚМУ-да «денешынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша білім алып, магистрлікті аяқтайды. Спорт саласында да біраз жетістікке жеткен Еркін Олегұлы бүгінгі таңда футболдан Ұлттық құрама командасының ойыншысы. Осыған дейін әр түрлі футбол клубтарының да намысын қорғап келді.

Шара барысында оқушылар Еркін Тапаловқа сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Содан соң Еркін Олегұлы мектеп қабырғасында жүріп түрлі спорт түрінен жетістіктерге жеткен мектеп спортшыларына «Садық Жақсығұлов атындағы орта мектептің үздік спортшысы» куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале