25.02.2021, 9:59
Оқылды: 145

Ұлттық ойын жеңімпаздары анықталды

 Таяуда “Қарашығанақ” спорт кешенінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық ойын - асық ату және бес асықтан ашық турнир өтті. Жастар мен ересектер және ардагерлер арасында ұйымдастырылған Бөрлі ауданының ашық турниріне 14 команда қатысты.

D0F2D502-DEB7-4291-8C14-5A7949CFE99C Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан 2003-1992 жылы туған жастар арасында ІІ орынды шыңғырлаулық Рахым Шыңғыс иеленсе, 1991-1977 жылы туған ерлер арасында І орын жерлесіміз Мейірман Мендалиевке бұйырды.

Командалық біріншілік есебі бойынша 40 жасқа дейінгі ерлер арасында жүлделі ІІ орын Шыңғырлау ауданының еншісіне тиіп, жалпыкомандалық есепте Шыңғырлау ауданы 82 ұпаймен ІІІ орыннан көрінді.

Жеңімпаз атанған, жүлделі орындарға ие болған командалар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Жалпы, ауылдық округте спорттың дамуына жанашыр болып жүрген азаматтар баршылық. Айталық, Азамат Мұрзағалиев демеушілік жасап, спорттық жабдықтар алып берсе, спорт ардагері Әділхан Сейілханов қажетті заттарымызды алуға 100 мың теңгеге қаржылай қолдау көрсеткенін атап өткен ләзім. Сонымен бірге 1974-1975 жылғы түлектер де ауыл спортының өркендеуіне өз үлестерін қосып, қаржалай демеушілік көрсетті.

Осындай жанашыр жандар көп болса, ауыл жасөспірімдері мен жастарының спортқа ден қоюына, қызығушылығының артуына мүмкіндік ашылып, салауатты өмір салтын ұстануына себепші болар еді дегіміз келеді.

                                     Мейірман Болатұлы,

Ақбұлақ ауылдық округінің спорт әдіскері,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале