19.11.2021, 11:20
Оқылды: 58

Ұлттық спорттың үздіктері

Ат дүбірі естілгенде бойында қаны туламайтын қазақ жоқ. Қазақтың той мен тамшасы қашаннан арғымақтың жарысынсыз, ат спорты ойындарынсыз өтпегенін білеміз. Жылқыны жағалаған жанға береке мен дәулеттің келіп қонары хақ. Негізі, сол тұлпарларға шабатын жас шабандоздардың бойындағы мықтылығы, жүректілігі, шеберлігі барлығы сап келетін өз алдына бір төбе үлкен мектеп екеніне қазіргі кезде айрықша мән беріліп, оларды даярлау жолға қойылуда. Казталов ауданында да ұлттық спортты дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылды. Күні кеше биылғы жылы елеулі жетістігімен дараланған спортшы мен еңбегі еленген бапкерлер алғысқа бөленді.

15

Нәтижесінде Серік Әділбек, Еркеш Усан «Үздік шабандоз» және Ершат Омарғалиев «Ең үздік шабандоз», «Үздік бапкер» Елнұр Есполов, Жоламан Есетов және «Ең үздік бапкер» Бекзат Омарғалиев иеленді. Сондай-ақ «Үздік құнан» атанғаны үшін Бақторы атты сәйгүлік иесі Әсет Маратұлы және «Ең үздік құнан» атанғаны үшін Наз қасқа атты сәйгүлік иесі Бексұлтан Ибатов, «Үздік аламан» атанғаны үшін Сұлтан атты сәйгүлік иесі Бекзат Ахметкерев, «Ең үздік аламан» атанғаны үшін Байрақ атты сәйгүлік иесі Миржас Төлегенов пен Ақмаңдай атты сәйгүлік иесі Бексұлтан Ибатов, «Үздік тай» атанғаны үшін Тасқын сәйгүлік иесі Бекзат Сансызбаев пен «Ең үздік тай» атанғаны үшін Мақпал қара сәйгүлік иесі Нариман Нәсіпқалиев марапатталды.

17

Марапаттау кешінде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы сөз алып, -Қазақ пен жылқы егіз ұғым. Әсілі, өзін жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлқын, бітім-болмысын, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырған қазақтан басқа халық жоқ шығар, сірә! Бір сөзбен айтқанда, қазақпен жылқы тарихы ортақ, Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасы – ұлттық дамудың ұлағатты үлгісіне айналды. Ұмыт қалған дәстүрлерді қайта жаңғыртып, бабалар мұратымен үндестік таба бастадық. Осы үрдісті одан ары дамытып, жастардың ат спортына қызығушылығын арттыруымыз қажет, -деді өз сөзінде.

16

Ат спортына демеушілік жасап, қолдап жүрген бір топ жандар алғысхаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мәриям Рахим,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале