26.03.2024, 13:00
Оқылды: 17

Ұлттық тағам көрмесі қалай өтті?

Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Ұлттық тағам» көрмесі өтті. Көрменің өткізілу тәртібі бойынша әр ауылдық округтің жастары ұлттық киімдерін киіп, дастархандарындағы арнайы әзірленген ұлттық тағамды таныстырды.

eb5b7237-369a-446d-b068-bdd4c32e4887

Көрмеге 6 ауылдық округ жастары қатысты. Олар Бумакөл, Кеңтүбек, Пугачев, Ақсу, Достық және Бөрлі ауылдық округтері. Қатысушылардың дастарханында бесбармақ, қаймақ, сүт, құрт, тары, талқан, бауырсақ, көже және тағы басқа көптеген тағам болды.

420167933_2298861583840169_4724300412635770146_n

Қатысушыларды бағалайтын әділқазылар қатарында танымал тәжірибелі аспаз Зульфия Кимашева, Ақсай техникалық колледжінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жанаргүл Сатаева, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» басшысы Толқын Хадышова және ЖРО кадр бөлімінің маманы Маралдым Хамиевалар болды.

967f085b-082a-46bd-8c6d-ee24f0b3fdf5

- Ең алдымен өзімнің және әріптестерімнің атынан бүгінгі жарыстың қатысушыларына алғыс білдіремін. Алыс ауылдардан келген қатысушыларымыз да бар. Жұмыста табыс тілеймін. Барлығы да бірінен бірі өткен дәмді. Бізге де таңдау қиын болды, - деді Толқын Абайқызы.

431506144_2298852743841053_2721875339110655834_n

Жарыс қорытындысы бойынша Ақсу ауылдық округі І орынға ие болса, Достық және Бөрлі ауылдары ІІ және ІІІ орындарды бөлісті. Ал Бумакөл, Кеңтүбек және Пугачев ауылдарының жастары алғысхаттарға ие болды.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале