27.12.2022, 13:00
Оқылды: 39

Ұлттық «Жекпе-жек» спорт түрінен ашық біріншілік

Ұлттық «Жекпе-жек» спорт түрінен жасөспірім ұлдар арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті.

10

Спорттық шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан арнайы қатысып, қатысушыларды жарыстың ашылу салтанатымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған жарыстың бас төрешісі Айбек Шинбаев жарыстың ережелерімен таныстырды. Жарыс мақсаты – спортшылардың арасында бұқаралық дене тәрбиесі мен спортты, ауыл спортын дамыту, спортқа деген қызығушылығын, достық қарым-қатынастарын нығайту, спортшылардың шеберлігін арттыру.

БҚО ММА федерациясы, «Абырой» жекпе-жек клубы, Орал қаласының ұлттық жекпе-жек клубы, Ақсай қаласы, Ақжайық ауданы, Қазталов ауданы спортшылары арасында өрбіген спорттық дода тартысқа толы болды.

11

Жарыс қорытындысында аудан спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. 2011-2012 жылдары арасында сынға түске Бахтияр Киреев ІІ орынды иеленсе, Диас Байболатов ІІІ орынға табан тіреді. 30 кг салмақ дәрежесінде Нуралы Казиуллин жеңімпаз атанса, 33 кг салмақ дәрежесінде Елдар Мусин топ жарса, ІІІ орын Алишер Сүйінғалиевке бұйырды. 36 кг салмақ дәрежесінде Батыр Сүндетбаев ІІІ орынды иеленсе, 40 кг салмақ дәрежесінде Азат Әли топ жарды. 2009-2010 жылдар аралығында 36 кг салмақ дәрежесінде Алмаз Тарғын ІІІ орын алса, 40 кг салмақ дәрежесінде Қорған Табылдиев бірінші орынды иеленді, 43 кг ІІІ орын Әсет Ахметов ІІ орын Ермұхамбет Болат Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен медальдар және сыйлықтар табысталды.

Айтқали Сүндетов, Есім Мамбетов, Батырбек және Миржан Аяпбергенов, Руслан Ерғалиев, Азат Мұқанғалиев, Ержан Жұбанышқалиев, Марс Жұбандыков, Сарытау Аманбаев, Азамат Ихласов сынды азаматтар жарыста спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етіп, демеушілік жасады.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале