30.11.2021, 12:50
Оқылды: 50

Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға

 Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты мерекелік жиын өтті.

smart

- Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Айтулы күннің халқымыз үшін маңызы ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тағдыршешті сәтте бірлік пен елдікті ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Халқы үшін осындай толағай қызмет атқарған Президент күнін атап өту – ел үшін зор мәртебе. Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерген Елбасының еңбегі орасан.

Тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде Қазақ елі саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, дара даму жолын тапқан бәсекеге қабілетті ел болды.

Біз – қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атай отырып, Елбасыға мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз.

Бейбіт еліміз гүлденіп, белестерді бағындыра бергей. Әр шаңыраққа береке, табыс тілеймін, – деді жиында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов.

smart

Одан соң округ әкімі ауылдың бір топ сала мамандарын алғысхаттармен марапаттап,  «Nur Otan» партиясына жаңадан қабылданған мүшелеріне партия билеттері салтанатты түрде табысталды.

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының біріне арналған жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале