16.12.2021, 15:55
Оқылды: 94

Ұлы мерекеге арналған марапаттар табысталды

Бәйтерек ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әр салаға еңбегі сіңген тұлғаларды марапаттау шарасы өтті. 

IMG-20211215-WA0082

Басты мерекемізге орайластырылған жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов, салалық білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Марат Дауыпбаев, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Амангелді Дәулетжанов және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген аудан азаматтары мен еңбеккерлер және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

IMG-20211215-WA0081

-Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты. Тұңғыш Елбасымыздың бастамасымен ядролық қарудан бас тартқан бейбітсүйгіш ел ретінде жаһандық қауымдастыққа танылдық. Егемен ел ретінде Қазақстанның Конституциясы қабылданып, теңгеміз айналымға енді, елордамыз әсем қала Нұр-Сұлтан бой көтерді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз» деп атап өткен болатын.

IMG-20211215-WA0072

Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмір сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған. Елдің даму көшінде бәйтеректіктердің де өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, ауылдардың инфрақұрылымы жаңаруда. Мұның бәрі - берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.

Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін,-деді жиналғандарға игі тілегін жеткізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Кейін мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов сөз алып, аудан мәдениетіне қомақты үлес қосқан бір топ азаматты салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері республикалық кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады.

IMG-20211215-WA0078

Одан бөлек, салалық білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Марат Дауыпбаев салалық білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін медалімен білім саласы ардагерлері мен ұстаздарды марапаттаса, «Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Ғарапша Сахипов «Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен тағы бір топ еңбегі сіңген азаматтарға төсбелгі тақты.

IMG-20211215-WA0076

IMG-20211215-WA0073

Ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар да тәуелсіздік тойында марапатсыз қалмады.

IMG-20211215-WA0069

Нәпақасын диқаншылықтан тапқан азаматтар мен азаматшаларды ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Амангелді Дәулетжанов арнайы құттықтап, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атқару комитетінің қаулысымен бекітіліген «Елеулі еңбегі үшін» медалін тақты.

 

Түгелбай Бисен, 

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале