22.03.2021, 12:29
Оқылды: 118

Ұлыстың ұлы күнінде Тасқалада онлайн концерт өтті

Тасқала аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күніне арналған театрландырылған онлайн концерті өтті.

Аталмыш шара сахнаға Абыз бен Жер-ананың шығуымен басталды. "Қиялдан" үлгілі би ансамбілінің бишілері мың бұрала билеп, мерекенің көркін қыздырды. Шара барысында экран арқылы бейне көрсетілімдер де көрсетілді. Қазақы нақыштағы әндер шырқалып, күй тартылды. Осынау игі шарада "Ақтілеу " әжелер халықтық ансамблінің мүшелері шашу шашты. Осылайша аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерін паш етіп, Наурыз-думан әнімен сахнаның шымылдығы жабылды.

d8f245ba-6b0f-4322-8c4a-e70823bb7620 dc15f5e3-1bbc-480b-a0bb-b9023a9e2dc4 d24c0500-7d04-49fe-8524-07187d894c06 94eceb9c-b794-4d4c-afb1-a31c6da25db7

Әсет Баян

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале