23.12.2023, 21:30
Оқылды: 14

«Umai» ұлттық сыйлығының иегері атанды 

Кеше ғана еліміз бойынша Астана қаласында өткен өнер саласындағы «Umai» екінші ұлттық сыйлығының финалына шыққан өнерпаздар құрметіне «Астана Опера» мемлекеттік театрында салтанатты марапаттау рәсімі жүзеге асқан болатын. Аталмыш шарада көптеген үздік өнерлі ұжымдар марапатталды. 

IMG-20231223-WA0023

Солардың ішінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Мәдениет үйі жанынан Үлгілі «Қыз Жібек» ансамблі «Музыкалық орындаушылық өнер» номинациясы бойынша «Үздік музыкалық ансамбль» сыйлығымен марапатталып, ауданымыз бен ауылымыздың атағын аспандатып келді.

-Үлгілі «Қыз Жібек» ансамбліміз еліміз бойынша екінші рет өтіп тұрған «Umai» ұлттық сыйлығының финалистер қатарына ілігіп, «Музыкалық орындаушылық өнер» номинациясы бойынша «Үздік музыкалық ансамбль» сыйлығымен марапатталды. Еліміздің өнер саласындағы өңкей мықтылардың арасынан финалға өткенімізге әрине, қуаныштымыз. Үздіктер қатарында көппен бірге қызыл кілем үстінде суретке түсу құрметіне ие болдық. Жалпы, бұл шараға үш жүзден астам танымал өнерпаздар мен өнер ұжымдары қатысқан екен. Солардың арасынан финалға өту біз үшін зор мәртебе болды,- дейді, ансамблдің жетекшісі Баян Құбайқызы Қабиева.

IMG-20231223-WA0007

IMG-20231223-WA0003

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале