8.01.2021, 20:10
Оқылды: 45

Үміткерлер белсенділік танытуда

Сайлауға санаулы күн қалған сайын Бөкей ордасы аудандық және облыстық мәслихатқа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда.

ум1

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғайса Махимов пен Нұргүл Зайнуллина, Райымбек Құрманғазиевтер аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес қабылдауларын өткізді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

ум2

Сонымен бірге Райымбек Құрманғазиев аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шыңғыс Абдуллин, Жұбан Ғұмаровтармен бірге «Есіктен есікке» шарасы аясында аудан тұрғындарын сайлауға келіп, азаматтық таңдауын жасауға шақырып, олардың ой-пікірлеріне де құлақ түрді.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы турасында  түсінік жұмыстарын жүргізді.

ум3

Аудандық мәслихатқа тағы бір үміткер Исатай Құрмашев партияның жеті басым бағытының бірі жастар саясатына арналғанын айтып, ауылдық округтердің белсенді жастарын сайлауалды бағдарламамен, «Жастар – Отанға» бағдарламасының міндеттерімен таныстырды. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету, оқу, ғылым жолындағы жастардың шәкіртақысын өсіру сияқты межелі міндеттер қойылғанын айтты.

ум4

Облыстық мәслихатқа үміткер Исатай Ғабдоллин экспромт-кездесу аясында шаруа қожалықтарына барып, ауыл азаматтарын сайлауға қатысып, дұрыс таңдауға шақырса, аудандық мәслихатқа үміткер Екатерина Мөкешева Бисен ауылдық амбулаториясының дәрігерлерімен, «Салтанат» бөбекжайының ұжымымен кездесіп, елімізде іске асқан жарқын істердің бастаушысы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале