6.01.2021, 14:57
Оқылды: 115

Үміткерлер Пятимар ауылындағы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясының атынан Жаңақала аудандық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан үміткерлер Руслан Оразалиев пен Жанар Батырова Пятимар ауылындағы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

e0639f90-d554-47d8-8b8a-7ea0cc3da0ce
Шара барысында тұрғындар өздерінің сұрақтарын қойды. Үміткерлер оларға жауап беріп, нақты істердің атқарылатындығына уәде берді.
- Алдымызда үлкен саяси науқан күтіп тұр. Болашақта атқарылатын істер де ауқымды. Солардың қатарында аудан орталығындағы алты көшеге ішкі жолдар салу, 2022-2025 жылдары Жаңақала-Жаңақазан ауылына сапалы жол төсеу, 2022-2023 жылдары Көпжасар, Пятимар ауылдарының кірме жолдарына қатқыл табанды жолмен алмастыру бар. Сонымен қатар әлеуметтік салаға да үлкен көңіл бөлінбек. Дәрігерлер мен ұстаздардың жалақыларын жоғарлату да партияның сайлауалды бағдарламасына енген. Сондықтан келер сайлауға тегістей қатысып, нақты істерге құрылған «Nur Otan» партиясына тегістей дауыс беруге шақырамын, - деді Р.Оразалиев.

78448a21-d42c-450b-9c35-e080350cce0c

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале