3.02.2023, 21:41
Оқылды: 14

Ұмытылмас күн

Сталинград шайқасына 80 жыл толуына орай «Қаһарман аудан» белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев, мекеме басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты.

45E799EF-286E-4583-8488-6021361589E0

- Бүгін ІІ дүниежүзілік соғыстың ең сұрапыл шайқастарының бірі - Сталинград шайқасына 80 жыл толып жатыр. Кеңес Одағының экономикалық өмірінде аса маңызды орын алатын Каспий теңізінің, сол өңірдің, Кавказдың, Еділдің, Сталинград облысының табиғи байлықтарына көз салған гитлершілдер 1942 жылғы жазда оңтүстікке қатты шабуыл ұйымдастырған еді. Майданның ең таяу тылы болған Қазақстан, әсіресе, оның Батыс аймағы, Сайқын және Шоңғай станциялары Сталинград шайқасының барысында әскери-стратегиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды рөл атқарып, алып арсеналға айналды. Қызыл Армияның фашистік басқыншылардың «қауырт соғыс» стратегиясын талқандап, Сталинград шайқасындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне дем берген және Сталинград майданының тылдағы басты ресурсы - Батыс Қазақстан болды. Бұл ел басына сындарлы шақ туған сәтте тек батыс қазақстандықтар үшін ғана емес, жалпы республика жұртшылығына ауыр сын болды. Республика және облыс еңбеккерлеріне жаңа міндеттер, жаңа ауыртпалықтар жүктелді. Отан соғысының барысында шешуші рөл атқарған бұл сұрапыл шайқасқа көп ұлтты кеңес халықтарымен бірге қазақ халқының ұл-қыздары да белсене қатысты. Бүгінгі шарамыз Сталинград шайқасындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігіне көрсетілген құрмет, - деді жүргізуші.

5334E0C1-5265-46CA-B20F-94BDD3D4253E
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен аудандық архивтің директоры Қуаныш Елемесов бастаған жиналған қауым «Қаһарман аудан» белгісіне гүл шоғын қойып, қаһармандар рухына тағзым етті.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев Сталинград шайқасына 80 жыл толуына орай ауданымыздан мамыр айында 40-қа жуық жас жерлесіміздің Волгоградқа экскурсияға баруға мүмкіндік алатындығын жеткізді.
2B1708AA-79EA-4DE6-B090-4E5D0907E385
-Аудандық «Нарын жастары» ҚБО ұйымдастыруымен өтетін экскурсияға ауданымыздың жас белсенділері, оқу озаттары және әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан жасөспірімдер жолдама алады. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылуда, - деді әкім орынбасары.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале