22.11.2018, 12:24
Оқылды: 50

Ұрпақ білімі басты назарда

Еліміздің басты басылымдарында жарияланған бағдарламалық мақала біздің түп тамырымызды білуіміздің өте маңыздылығын тағы да әйгіледі. Ұлы даламыздың жаһандық тарихындағы орнына байланысты Елбасымыз тіпті тереңнен толғаған. Мұны оқып-үйрене отырып, онда баяндалған бағыттардың жүзеге асуына атсалысуға тиіспіз.

????????????????????????????????????

Мемлекет басшысы өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялату, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс екенін атап көрсетіп, осыған орай ауқымды міндетті көрсеткен. Яғни, мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи археологиялық қозғалыстар құру тапсырылды. Ақжайық ауданында ауылдардың жылнамасын хатқа түсіріп, тарихи жерлерге танымдық экспедициялар ұйымдастыру, мектептердегі ұл-қыздарды кеңінен қатыстыру секілді жақсы тәжірибе бар. Киелі орындар жайында соңғы жылдары жас ұрпақтың біліп, санаға түйгені молая түскені сөзсіз. Міне, осындай іргелі істерді одан әрі өрістетсек, нұр үстіне нұр.

Бағдарламалық мақалада көрсетілген барлық жоба сайып келгенде, елдігімізді шыңдай түседі.

Максим ЖАНШАҰЛЫ,

Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале