9.05.2024, 16:24
Оқылды: 52

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 79 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.

IMG-20240509-WA0065

Бөкей орда халқы жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнінде майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, оларға тағзым жасауды естен шығарған емес. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, еңбек ардагерлері, аудандағы мекеме ұжымдары Кеңес Одағының батыры М.Мәметоваға арналған бюст, 196-Гатчинск атқыштар дивизиясы, "Қару аманаты" саябағындағы ескерткіш, М.Мәметованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

IMG-20240509-WA0067

Майдан даласынан қайта оралмағандарды, марқұм майдангерлерді еске алу үшін бірқатар бөкейліктен жиналды. Жиналғандар Жеңіс үшін жанын қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

IMG-20240509-WA0063

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Нарын жастары" жастар ұйымы тұрғындарға жеңіс лентасын таратты.

FB_IMG_1715237843006

Есімізге түсіре кетсек, бұл күн - Кеңес одағының ІІ дүниежүзілік соғыста Жеңіске жеткен күні. Бұл соғыста қазақ жауынгерлері де толарсақтан саз кешіп, қан майдан қайталанбас ерліктің үлгісін көрсетті. Қызыл Армия қатарына 1 млн 200 қазақстандық алынып, 600 мыңы майданда жан берген.

IMG-20240509-WA0059

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале