9.05.2023, 15:44
Оқылды: 28

Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс

Тарих көші үнемі жаңаланып тұрады. Алайда ұмытылмайтын, ескірмейтін оқиғалар болады. Соның бірі әр отбасына қайғы-қасірет әкеліп, дүние жүзін дүр сілкіндіріп, небір боздақтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысын ешкім де ұмытпақ емес.

IMG-20230509-WA0080

Майдан даласынан оралмай, есімдерін тарих бетіне мәңгілік жазып кеткендер қатарында шыңғырлаулық солдаттар А.Тихоненко, С.Есқалиев, В.Шевцов Кеңестер Одағының батыры атанса, М.Бисенғалиев Даңқ орденінің толық жинағының иегері екендігін біз мақтан етеміз.

IMG-20230509-WA0053
Міне, содан бері, 78 жыл өтіпті. Осы қастерлі күнге арналған тағзым митингісі аудан орталығындағы шыңғырлаулық майдангерлер монументі жанында да өтті. Аудан әкімі М.Өміралиев,  аудандағы тыл еңбеккерлері мен ауған соғысы ардагерлері, мекеме-ұйымдар салтанатты шарада бас қосып, тағзым рәсімін жасап, гүл шоқтарын қойды.

IMG-20230509-WA0059

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев ел басына күн туған сол сұрапыл жылдарды еске түсіріп, ерлік ешқашан ұмытылмақ емес, оны ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп жеткізу бүгінгі ұрпақтың басты міндеті деген сөздерін шараға қатысушыларға арнады. Шара соңы аудандық орталық демалыс саябында жалғасын тауып, көпшілік аудандық көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

IMG-20230509-WA0052

Г.Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале