13.07.2022, 16:30
Оқылды: 51

Ұрпақтың саны да, сапасы да маңызды

Мемлекет басшысы айтып өткендей, Жаңа Қазақстанды құруға әр адам үлесін қоса алады. Көп балалы ата-аналар елдің сенімді де адал ұрпағын тәрбиелеп өсірсе, оның өзі үлкен жетістік. Бұл туралы аудан әкімі Марат Тоқжанов көп балалы аналарға «Алтын алқа» белгілерін табыстау кезінде мәлімдеді.

F3729C4E-1994-4BDD-991B-B78D72E4C0F6

йел заты дүниеге ұрпақ әкелу бақытына ие екені белгілі. Сіздер сондай жандардың қатарындасыз, бұл бағытта өзгелерге үлгі болып жүрген жайыңыз да бар. Еліміздің демографиялық ахуалын оңалтуға да қосып келе жатқан үлестеріңіз аз емес. Сол үшін де сіздерге ризашылығымызды білдіреміз. Жалпы өмірде де, қоғамда да ананың орны ерекше. Мемлекет тарапынан аналарды, әсіресе көп балалы аналарды қолдау, қорғау бойынша барынша жағдайлар жасалуда. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін беру, түрлі жеңілдіктер жасау соның айқын дәлелі. Баланы дүниеге әкелу бар, оған жақсы тәлім-тәрбие беру бар. Студенттік шақта, Мақаш Тәтімов деген демограф ағамыз бізге дәріс берген кезде халықтың саны туралы да, сапасы туралы да көп айтатын. Ол кезде жас болып, көп сөзді түсінбегеніміз рас. Өмір өте келе оның мән-маңызын түсініп жатқан жайымыз бар.  Сол себепті ұрпақтың санына ғана емес, сапасына да назар аудару маңызды,-деді өзінің құттықтау сөзінде Марат Лұқпанұлы.

87DD51DD-7C2B-4C20-8073-73391F5AF00F

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, Янайкин ауылының тұрғыны Нұргүл Иманбекова мен раздольныйлық Сановар Назарымбетова «Алтын алқа» иегерлері атанды.

 Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале