20.01.2023, 16:45
Оқылды: 23

Үш елді мекенге көгілдір отын берілді

Бүгін Казталов ауданының Болашақ ауылдық округіне қарасты Көпкүтір және Аққурай, Талдықұдық ауылдық округіне қарасты Хайруш елді мекендеріне көгілдір отын берілді. Халықтың қуаныш тойына аудан әкімі Рүстем Зұлқашев, Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінің басшысы Мұрат Қонысбаев қатысты.

3575eb19-9273-410e-a6b0-ba21018af3b3

Алдымен Көпкүтір елді мекенінде салтанатты шара өтіп, аудан әкімі халықты қуанышымен құттықтады. Жылы лебізден соң салтанатты түрде көгілдір отын алауы тұтатылды.

59911b4e-45e8-4c45-8fd1-da6b6e85d899

 

Кейін салтанатты шара Аққурай және Хайруш елді мекендерінде жалғасты. Аталған елді мекен тұрғындары ел қамын ойлаған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

6840b305-e921-44ac-a083-7f0e6d9457d2

- Осы күнге дейін тезек қалап, пеш жағып күн көрдік. Мұның азабы жанды қинары анық. Бірақ заманына сай адамы деп, «көппен көрген ұлы той» деп жергілікті атқарушы биліктен ауылымызға көгілдір отынның жеткізілуін талап еттік. Халықтың тілеуі қабыл болып, ұсыныс жерде қалмай бүгін міне көптен күткен қуанышымызға куә болып отырмыз. Алғысымыз шексіз, - дейді Хайруш елді мекенінің тұрғындары Арыстановтар отбасы.

28e5fd7c-8c0a-4192-84f8-14dafe116f51

Көпкүтір, Аққурай және Хайруш елді мекендеріне газ тарту жұмыстары 2021 жылдың тамызында басталған болатын. Инфрақұрылымдық жобаға 2021-2022 жылдары республикалық бюджеттен 163,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 70 млн теңге қаржы бөлінген. Ал 65,7 шақырымды құрайтын газ құбырларын орнату және іске қосу жұмыстарын «Алия Сервис» ЖШС жүргізді.

d5d5656f-ef67-4315-a7f7-ad3fac811149

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

f5ed9ca7-b4be-4df1-b5d7-a26c854484d5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале