7.09.2021, 12:08
Оқылды: 51

Үш жылда 80 шақырым жол жөнделген

Тәуелсіздік жылдары Бөрлі ауданындағы халық саны 122% пайызға өсіп, 57 мың адамды құраған. Сонау 90-ыншы жылдардың басында Ақсай қаласында 25 мыңнан астам тұрғын болса, бүгінде бұл көрсеткіш 42 мың адамды құрайды.

 жол

Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында бірқатар мемлекеттік реформалар қабылданып, ауылдық елді мекендерге көгілдір отын, ауыз су, электр желілерін тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Бүгінде аудан тұрғындары 98% көгілдір отынмен, 96% ауыз сумен, 100% электр көздерімен қамтамасыз етілген.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына келген Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов қазыналы мекеннің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі туралы баяндады.

- Жылма-жыл аудан жолдарын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып келеміз. Соңғы уақыттағы атқарылған жұмыстарға көз жүгіртетін болсақ, көптеген жобаларымыз жүзеге асырылып, көздеген мақсаттармызға біртіндеп жетудеміз. Соңғы үш жылдың ішінде 80 шақырымға жуық жолдарға жөндеу жүргізіп, абаттандыруды жүзеге асырдық.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарын жөндеуге үлкен серпіліс берген мемлекеттік бағдарламалар жалғасын табуда. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы сомасы 2 млрд. теңгені құрайтын Ақсай қаласы Қызылтал шағынауданының 17 көшесін, Бөрлі ауылдық округі және Приурал ауылдық округінің жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Сол сияқты «Моноқала» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылуда. Биыл Ақсай қаласы Қызылтал шағынауданының Строительный 3 көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу және Ақсай қаласындағы Ықсанов көшесінің жалғасын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде, - деді М.Сатқанов.

Аудан әкімінің мәліметінше, сондай-ақ Пугачев ауылдық округінің жолдарын күрделі жөндеу, Ақсай қаласының Әл-Фараби, Мостовая, Зерде, Батыс, Жайлау, Степной переулок көшелерін жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Ал Ақсай қаласының Еңбекші көшесін күрделі жөндеу және 10 мыңнан астам халық тұратын №4 шағын ауданның аулаішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын биылғы жылы бастау жоспарланған. Оған қоса, Ақсай қаласының Бөрлі, Мұхтар Әуезов, Жастар, Береке, Солтүстік, 8 наурыз көшелерінің және 7, 9, 11, 12, 13 және Аралтал, 5А шағынаудандарының  жолдарын жөндеуге тиісті құжаттамалар жасақталуда.

Ауылдық округтердің кіреберіс жолдарын жөндеу бойынша Қанай, Бумакөл, Жарсуат, Ақсу, Ақбұлақ, Кеңтүбек, Достық ауылдарының жолдарына ЖСҚ құжаттамалар жасақталған.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Сурет agparag.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале