7.10.2022, 20:07
Оқылды: 144

Ұстаз жолы – ұлы жол

Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне орай «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты ауданның ардагер ұстаздары мен мамандар арасындағы кездесу кеші өтті. 

IMG-20221007-WA0110

Шараның мақсаты — ардагер ұстаздарымыздың жүрген  сара жолын, еңбегін жас мамандарға насихаттау, арада сабақтастық қалыптастыру.

IMG-20221007-WA0109

Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкіртті білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор, сонымен қатар ұстаздық қызығымен қоса өз дәрежесінде қиындығы да көп мамандық.

IMG-20221007-WA0107

Алғашқы құттықтау сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар ардагер ұстаздарды құттықтап, құттықтау хатын табыстады. Қатысып отырған әр ардагер ұстаздың өзіндік дара жолы, өзіндік жеке еңбегі бар.

IMG-20221007-WA0106

«Мұғалім мәртебесіне сай болу үшін жас маман қандай болу керек?», «Осы мамандықты таңдауға кім немесе не себеп болды?» – деген сұрақтарға ардагер ұстаздар жауап беріп, қызықты оқиғаларымен де бөлісті. Жас мамандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, дөңгелек үстел пікір алмасуға ұласты.

IMG-20221007-WA0100

Сырласу кешіне «Жаңақала балалар бөбекжайы» балабақшасының тәрбиеленушілері ізгі тілектерін жеткізсе, Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Миргүл Асанова мен шәкірті Дінмұхаммед Сисен «Ардақты ұстазым» әнінен шашу шашты.

IMG-20221007-WA0111

Ұстаз – барша мамандықтың көш бастаушысы. Ұстаздық қасиетке адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған мамандық иелеріне арналған жиын соңы «Ұстазым» әнімен аяқталды.

Арайлым Айденова, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале