5.05.2022, 18:00
Оқылды: 79

Ұстаздар арасындағы пікірсайыс

Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде Сырым Датұлының 280 жылдығы аясында "Сырым деген ер болған, халқының қамын жер болған" атты білім беру мекемелері мұғалімдері арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

IMG_1310

Аудан бойынша әрбір білім беру ұйымдарынан 14 команда өзара бақ сынасса, мектеп ұжымдарынан құралған көрермендер де озық ойлы әріптестеріне жанкүйерлік танытты.
Пікірсайыс турнирін ұйымдастырған аудандық білім беру бөлімі мен Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің ұжымынан бөлек жекелеген демеушілер де үлкен қолдау көрсеткендерін айта кету керек.

IMG_1350
Тартысты өткен әуесқой дебатерлер турнирінің нәтижесінде ІІІ орынды "Жаһанша", ІІ орынды "LT" командалары иеленсе, І орынға Абай орта мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің "Біздің менталитет" командасы лайық деп танылды.

IMG_1408
Аталмыш орындардан бөлек арнайы сыйлық иелері мен үздіктер де анықталған болатын.
Турнир туралы толығырақ "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале