3.11.2023, 17:25
Оқылды: 5

Ұстаздар газет оқиды

Бүгін Теректі ауданы орталығында «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» қоғамдық-саясы газетінің бас редакторы Әділет Орынбасаров ұстаздармен кездесті. 

кездесу

Кездесудегі басты мақсат – ұстаздар мен аудандық басылым арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Мұғалімдер қауымы алдында сөз алған Әділет Әлібекұлы:

- Газет ешқашан жоғалмайды.

Талай нәубет пен зобалаң өтті қазақтың басынан. Газет сол кезде қазақпен бірге болды. Заман басқа дерсіз, қазір адам басқа. Алайда газет оқитын соңғы қазақ қалғанша баспасөз жоғалмайды, - деп жалпы баспасөздің қоғамдағы орыны турасында сөз қозғады.

кездесу +

Бүгінде келесі жылға басылымдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Соған орай ауданның төл басылымын қолдауға шақырған редактордың сөзін көпшілік мектеп басшысы қолдап, «Жыл сайын аудандық басылымға жазылып жүрміз, биылда сол әдеттен жаңылмаймыз» десті.

Айта кететін жайт, аудандық газетте ұстаздар қауымына арналған, айына бір мәрте жиналатын арнайы бет бар. Ол бетте мұғалімдер мақалалары, тәжірибелік материалдар, оқушылар жетістіктері жарияланады.

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале