5.10.2022, 21:39
Оқылды: 109

Ұстаздар күніне орай Бөрлі ауылында дәстүрлі эссе байқауы ұйымдастырылды

Ұстаздар күніне орай Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылдық мәдениет үйі «Қалдырған ізің мәңгілік» атты 16-35 жас аралығындағы М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері арасында дәстүрлі эссе байқауын ұйымдастырды.

D8F8FFE1-3FC5-4234-90C3-320EB6FA9943

Бұл бөрліліктер үшін дәстүрге айналған шара. Байқаудан кейін қорытынды жиын өтті. Алғаш боп сөз алған ауыл әкімі Меңдібай Қитанов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар жас мұғалімдерге өз атынан алғысхат табыстады.

Мәдениет үйінің директоры Айнұр Әбдірешова белсенділік танытқан қатысушыларға, демеуші боп, шараға қолдау білдірген округ басшысы Меңдібай Қитанов пен ардагер ұстаз Мұқсина Темірғалиеваның жүлде қорын ұсынған балаларына шексіз алғысын білдірді.

5B8C9E92-9116-4C6C-877E-7A6255385D11

Байқауға жалпы 13 мектеп түлегі қатысты. Барлық қатысушыға мәдениет үйі атынан алғысхат пен сый-сияпат табысталды.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша
М.Темірғалиева атындағы жүлде (20 000 тг) Шынарай Қазиоллаға, ауыл әкімі Меңдібай Қитановтың жүлдесі (15 000 тг) Азамат Садиқовқа бұйырды.

AA468B3B-52A4-4303-BC06-1AE597F96E38

Бас жүлдеге Алтынарай Өмірбаева, І орынға Әскер Жапаев, ІІ орынға Миршат Еспентаева, ІІІ орынға Шыңғыс Ромашев пен Анар Тұрарбекқызы ие болды.

Шара әдемі әнмен, көтеріңкі көңіл-күймен түйінделді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале