30.09.2023, 23:57
Оқылды: 38

Ұстаздар шахмат ойнап, садақ атты

Бөкей ордасы ауданында ұстаздар мерекесіне орай​ аудандық І спартакиада өтті. Сайысқа білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтарынан 13 құрама команда қатысып,150-ге тарта мұғалім бақтарын сынады.

IMG-20230930-WA0078

Жарыстың ашылу салтанатында​ аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимуллин мен ардагер ұстаз, әрі спортшы Нұрболат Бисекенов ұстаздарды мерекемен құтықтап, сәттілік тіледі. Содан соң аудандық білім беру бөлімі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Нұржан Сариев әріптестеріне алғысын білдіріп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті. Аталмыш жарыста ұстаздар спорттың жүгіру, кермеге тартылу, шалқадан жатып дене көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, садақ ату, арқан тартыс сынды спорт түрлері бойынша сынға түсті.

Аудандық І спартакиаданың жалпы қорытындысы бойынша М-С.Бабажанов мектебінің кұрама командасы І орынды еншілесе, ІІ орынды Жәңгір хан мектебінің кұрама командасы жеңіп алды. Ал ІІІ орынды Қ.Сағырбаев мектебінің кұрама командасы иеленді.

IMG-20230930-WA0324

Жарыста жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан дипломдар, медальдар және спорттық заттар табысталды.

Ақсәуле Хамзина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале