30.09.2021, 18:08
Оқылды: 82

Ұстаздарға арналған жоба жалғасын тапты

Теректі ауданындағы «Қазына» коворкинг орталығында Ұстаздар күніне орай мерекелік кездесу өтті. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен «Ұстаз жолы» атты  жобасының тұсауы кесілген болатын. Елдегі карантинге байланысты тоқтап қалған бұл жоба енді қайта жанданды. Санитарлық нормалар сақталған шараға аудандық білім беру бөлімі, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, педагогтар, «Жас тілші» үйірмесінің мүшелері қатысты.

WhatsApp Image 2021-09-30 at 18.07.31

Теректі аудандық білім бөлімінің facebook парақшасында тікелей эфир арқылы ɵткен жобаға Еңбек негізгі орта мектебінің  директоры Өркен Бижанов, «Өркен» бөбекжайының әдіскері Динара Тұяқова, Подстепный ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қажет Джалитов және саз мектебінің  жанұялық өнерпаз ұстаздары Нұрбол мен Айсезім Крумгалиевтер қатысты.

Бiр сағатқа созылған эфир кезiнде қонақтарға отбасы, таңдаған мамандықтары, сүйiктi шәкірттері мен олардың жетiстiктерi, ұстаздары жайында сұрақтар қойылды.

Facebook əлеуметтiк желiсi эфирінде  Теректі, Казталов, Жаңақала  аудандарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан көріп отырған желі қолданушылары,   қатысушыларға ақ тілектері мен сұрақтарын жолдады.

Кəсiби мерекеге арналған эфирде Өркен Рухоллаұлы М.Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін оқыса,  Динара Дәрменқызы қозғалмалы қуыршақтарды жаңа технологиялармен үйлестіре отырып,  балаға ойын арқылы білім беру мақсатында  өз қолынан тіккен қуыршақтарды мультфильм желісімен көрсетті. Ал Нұрбол мен Айсезім «Дархан қазағым»  әнін орындады.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Орынша Шүкірбаева жоба қонақтарына аудандық білім беру бөлімінің басшысы атынан алғысхат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жоба авторы əрi жүргiзушiсi, Теректi аудандық балалар шығармашылығы үйiнiң қосымша бiлiм беру педагогі Үмiткер Орынғалиев алдағы уақытта ұлағатты ұстаздар, Теректi ауданының намысын түрлi байқауларда қорғап, жүлделi оралған шəкiрттермен де тiкелей эфир арқылы жүздесетінін жеткізді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале