6.10.2022, 13:02
Оқылды: 51

Ұстаздарға құрмет көрсетілген күн

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «Ғасыр ғаламаты – ұстаз» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада мерекемен құттықтап, білім саласының үздіктерін марапаттау үшін сахнаға шыққан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың өзінің негізгі мамандығы мұғалім екенін айтып, жүргізушілер гүл шоғын ұсынды.

8

Өз кезегінде аудан әкімі Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, бірқатар ұстаздарға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасын және аудан әкімінің алғысхаттарын табыс етті.

9

Келесі кезекте мұғалімдерді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қ.Есенов білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, ал ардагер ұстаз, ауданның құрметті азаматы С.Самиев облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасының Құрмет грамотасымен марапаттады.

10

Шара барысында бүлдіршіндердің мың бұралып билеген әсем биі, ұстаздардың шырқаған әдемі әндері көрерменді тәнті етіп, тамаша көңіл күй сыйлады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале